|
Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өтетін XІ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы
2010 жылы 04 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XІ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңін өткізді.
Абай оқулары дәстүрлі түрде үш бөлім бойынша өткізілді.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін өткізуі қажет (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).
«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).
ХІ облыстық Абай оқуларына әр ауданнан (қаладан), облыстық білім мекемесінен оқыту тіліне қарамастан облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар қатысты. Барлығы 57 дарынды оқушы сайысқа түсті.
ХІ облыстық Абай оқуларына қатысушыларды бағалайтын қазылар алқасының құрамында:
- п.ғ.д., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың профессоры, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Шынар Қапантайқызы Құрманбаева;
- п.ғ.к., Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың қазақ, орыс тілдері және іс қағаздар кафедрасының аға оқытушысы Зәуре Советқызы Советова;
- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының әдіскері Бейбітгүл Базанқызы Оспанова;
- ақын, «Алтын қалам иесі» жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Өскемен» газетінің бас редакторының орынбасары Рахметолла Түсіпбекұлы Смағулов;
- ШҚ облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бастығы Роза Әшімқызы Төлемісова;
- профессор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай.
- Шығыс Қазақстан өнер колледжінің қазақ халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Рысханов Шалқар Рысханұлы қазылық етті.
ХІ облыстық Абай оқуларының салтанатты ашылуы Өскемен қаласындағы Республика алаңында
Абай ескерткішінің басында өтті. Қатысушыларға арнап ШҚО әкімінің орынбасары Т.Т.Түсіпбеков, құрметті академик, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген ұстазы Қ.Р.Бітібаева сөз сөйледі. Қонақтар мен қатысушыларға арнап профессор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай ән шырқады. Қатысушылар мен қонақтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, өз шығармаларын арнап оқыды.
Конкурс қорытындысы
1 бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
№ |
Аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектебі |
Сынып |
Алған орны |
1 |
Тлебалдина Гүлсая |
Семей |
Шәкәрім ат. №5 МГ |
10 |
1 |
2 |
Хайрат Күннұр |
Глубокое |
О.Бөкей ат.ОМ |
7 |
1 |
3 |
Шагатаева Аяулым |
Ұлан |
Аханов ат. ОМ |
10 |
2 |
4 |
Смағулова Аяулым |
Зайсан |
Дәуленов ат ОМ |
8 |
3 |
5 |
Құрманғожин Ерсін |
Тарбағатай |
Өкпеті ОМ |
7 |
3 |
6 |
Таукенова Әлия |
Бесқарағай |
Беген ОМ |
9 |
грамота |
7 |
Советов Марат |
Өскемен |
№43 ОМ |
10 |
грамота |
8 |
Ерлан Марғұлан |
Өскемен |
ДБА облыстық мектеп-лицей-интернат |
6 |
грамота |
9 |
Амангелді Сая |
Аягөз |
№5 ОМ |
9 |
грамота |
10 |
Солтанбеков Бекнұр |
Семей |
№30 ОМ |
9 |
ШҚО тілдерді дамыту басқармасының грамотасы |
|
ІІ бөлім "Көңілім әнді ұғады" |
|
|
|
|
|
|
№ |
Аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектебі |
Сынып |
Алған орны |
1 |
Кенжеханов Талант |
Өскемен |
№43 ОМ |
7 |
1 |
2 |
Нұртазина Алуа |
Өскемен |
Жамбыл ат. ДБА ОММГИ |
10 |
2 |
3 |
Абикак Еркежан |
Шемонаиха |
Сугатовка ОМ |
8 |
2 |
4 |
Толқынбек Мухаметбек |
Глубокое |
Переваловка ОМ |
8 |
3 |
5 |
Ерзин Ернұр |
Зайсан |
М.Әуезов ат. ОМ |
6 |
3 |
6 |
Иманжанова Гаухар |
Ұлан |
Герасимовка ОМ |
10 |
3 |
7 |
Мырзағулова Эльмира |
Өскемен |
ДБА облыстық мектеп-лицей-интернат |
7 |
3 |
8 |
Түсіпжанов Дастан |
Семей |
ДБА "Жас Улан" ОММЛИ |
10 |
грамота |
9 |
Амантұрұлы Нұрбек |
Тарбағатай |
Тоғас батыр ОМ |
5 |
грамота |
10 |
Абдыхамитова Әсел |
Семей |
№17 ОМ |
9 |
грамота |
11 |
Байғалиев Мағжан |
Жарма |
Абай МГ |
8 |
грамота |
12 |
Катайханова Мадина |
Өскемен |
Музыкада ДБА ОММ |
8 |
ШҚО тілдерді дамыту басқармасының грамотасы |
|
ІІІ бөлім "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" |
|
|
|
|
|
|
№ |
Аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектебі |
Сынып |
Алған орны |
1 |
Нұрланқызы Талшын |
Семей |
№47 ОМ |
10 |
1 |
2 |
Аймұханов Дидар |
Өскемен |
Жамбыл ат. ДБА ОММГИ |
9 |
2 |
3 |
Баяхметов Елнар |
Зайсан |
Тасбастау ОМ |
10 |
2 |
4 |
Баймұратова Аяулым |
Катонқарағай |
Юбилейное ОМ |
8 |
3 |
5 |
Сләмбеков Қымбат |
Өскемен |
№43 ОМ |
10 |
3 |
6 |
Жұманбаева Балауса |
Семей |
Шәкәрім ат. №5 МГ |
9 |
3 |
7 |
Пазылова Айгүл |
Аягөз |
Жамбыл ат.ОМ |
10 |
грамота |
8 |
Молдаханов Нұрасыл |
Семей |
ДБА "Жас Улан" ОММЛИ |
10 |
грамота |
9 |
Маден Самал |
Жарма |
Маяковский ат. ОМ |
9 |
грамота |
10 |
Құдагельдина Ақбота |
Көкпекті |
Шайжүнісов ат ОМ |
8 |
грамота |
11 |
Құбайдолданова Аяужан |
Ұлан |
Герасимовка ОМ |
10 |
ШҚО тілдерді дамыту басқармасының грамотасы |
Жеңімпаздар дипломдармен, номинациялар бойынша грамоталармен, сыйлықтармен, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының арнайы сыйлығымен, грамоталарымен марапатталады. Әр номинация бойынша бірінші орынды иеленген оқушылар 2010 жылдың 07-10 қыркүйек күндері Абай ауданы Қарауыл ауылында өтетін ХІ республикалық Абай оқуларына жолдама алды.
|