|
"Таң Шолпан" бесінші республикалық балалар вокалдық конкурсы
2 маусым 2010 жылы Қарағанды «Мы-дети твои Казахстан ! Нам жить в новом мире» атты жалпы-ұлттық акция шеңберінде жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім мекемелерінің тәрбиеленушілерінің арасында Бесінші республикалық «Таң Шолпан» вокалдық балалар сайысы өтті.
Шығыс Қазақстан балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасында «Үміт» балалар үйінің 11 жасар тәрбиеленушісі Лоскутов Владиславта болып қайтты. Жас әншінің алғашқы қадамы Республикалық сайыстың Гран-при жүлдесін жеңіп алумен, табысты аяқталды.
Владтың өзі жүрексінгенін, жеңіске ие болам деп ойламағанын айтады, өйткені сайысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қатысушылар саны 250 бала болды.
Ал қазір Влад дипломды оған ҚР Білім және Ғылым Министірі Ж. Түймебаевтың өзі тапсырғанын, бұл жеңіске өзінің музыка жетекшісі Матабаев Ерболат Закиұлының арқасында жеткенін мақтанышпен айтады.
|